4 миллион бала таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр
Жыл сайын маусым-қыркүйек айлары арасында муссон жаңбыры Пәкістанда үлкен шығынға жол ашады.

Пәкістанда былтыр болған селдердің артынан әлі күнге шамамен 4 миллион бала таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр.
ЮНИСЕФ былтыр сел болған аймақта 8 миллион адамның таза ауыз су таба алмай отырғанын білдірді. Бұл 8 миллион адамның жартысы – бала.
ЮНИСЕФ-тің Пәкістандағы өкілі Абдуллах Фадил аталмыш аймақтарда қорғансыз балалардың қиын жыл өткізгенін білдірді. Бұл балалардың көбі тумаларынан айрылып қалған, үйлері қираған және мектепке бара алмайды. «Муссон жаңбыры кері келгенде, жаңа бір климат апатынан қорқамыз. Бірақ Пәкістанда балалар ұмытылып барады» деді ол.
Жыл сайын маусым-қыркүйек айлары арасында муссон жаңбыры Пәкістанда үлкен шығынға жол ашады. Былтыр 1739 адам қаза тауып, ел 30 миллиард долларға шығындалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Путин президенттікке қайтадан үміткер болды
Федерация Кеңесі сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.