Францияда кеше жылдың ең ыстық күні болды

Рона алқабында ауаның температурасы 42,7 градусқа дейін көтерілді.

2027729
Францияда кеше жылдың ең ыстық күні болды

Кеше Францияда ауа температурасы кейбір аймақтарда 42 градустан жоғары көтеріліп, бұл елдегі жылдың ең ыстық күні болды.

Франция Метеорология басқармасының мәліметіне қарағанда, кеше елдің оңтүстігіндегі Рона алқабында термометр 42,7 градусқа дейін көтерілді. Осылайша, биылғы жылдың ең жоғары температурасы тіркелді.

Пуй-Сент-Мартин мен Дром қалаларындағы аудандарда ауа температурасы 42,5 градусқа дейін көтерілді.

Қазірдің өзінде 4 облыста «қызыл» дабыл режиміне көшкен елде 46 аймақ бір төменгі «қызғылт сары» дабыл деңгейіне жетті.

Әсіресе елдің оңтүстігінде аптаның ортасына дейін ауа температурасы одан әрі көтеріледі деп болжалуда.



Ұқсас жаңалықтар