Ресей Қорғаныс министрлігі: "Киев режимінің лаңкестік әрекетінің алды алынды"

Ресей Украинаның Мәскеу аймағына жасаған шабуыл әрекетінің алды алынғанын мәлімдеді.

2027029
Ресей Қорғаныс министрлігі: "Киев режимінің лаңкестік әрекетінің алды алынды"

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның ұшақ үлгісіндегі пилотсыз әуе көліктерімен Мәскеу аймағына шабуыл әрекетінің алдын алғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «21 тамыз күні Мәскеу уақытымен сағат 06:50 шамасында Киев режимінің ұшақ үлгісіндегі пилотсыз әуе көлігімен жасаған лаңкестік әрекетінің алды алынды» делінді.

Мәлімдемеде Украинаға тиесілі пилотсыз әуе көліктерінің әуе қорғаныс күштері тарапынан Мәскеу аймағы әуе кеңістігінде анықталғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде электронды соғыс құралдарымен бақылаудан шыққан пилотсыз әуе көліктерінің Мәскеу аймағындағы Покровское елді-мекені маңында құлағаны және оқиғада адам шығыны жоқ екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар