Алжирдегі орман өрттері алаңдатуда

Алжир Азаматтық қорғаныс ұйымы мәлімдеме жасады.

2026768
Алжирдегі орман өрттері алаңдатуда

Алжирдің шығыс және орталық бөліктеріндегі ормандарда өрт қайта басталды.

Алжир Азаматтық қорғаныс ұйымы жасаған мәлімдемеде елдің шығысындағы Беджай қаласынан басталған 4 бөлек өртке қоса, тағы 6 уәлаятта барлығы 10 орман өрті шыққаны атап көрсетілді.

Елдің шығыс және орталық бөліктеріндегі Бурж-Бурейредж, Медея, Ханшала, Беджай, Тизи-Визу және Цижел қалаларында 10 орман өртінің басталғаны білдірілген мәлімдемеде әсіресе Беджайдағы 4 бөлек өртті сөндіруге жақын уәлаяттардағы азаматтық қорғаныс топтарынан көмек сұралғаны, өртті сөндіруге ондаған ұшақ пен тікұшақтың қатысқаны айтылды.

Апаттың бақылаудан шығу ықтималына қарсы 13 отбасының аймақтан эвакуацияланғаны мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар