Үндістандағы су тасқынынан 67 адам көз жұмды

Үндістанның солтүстігінде су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандар саны 67-ге жетті.

2025431
Үндістандағы су тасқынынан 67 адам көз жұмды

Гимачал-Прадеш уәлаятының табиғи апатпен күрес басқармасының төрағасы Правен Бхардвадж уәлаятта су тасқыны мен көшкіндерде 67 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Гимачал-Прадеш премьер-министрі Сухвиндер Сингх Суху Кангра аймағының төменгі өңірінде  тұратын 800-ден астам адамның эвакуацияланғанын және эвакуацияның жалғасып жатқанын атап өтті.

Ішкі істер министрі Амит Шах 14 тамызда Ұлттық Апатқа қарсы әрекет ету топтарының уәлаятта іздеу және құтқару жұмыстарын бастағанын хабарлаған еді.

Уәлаят полициясы өзен жағасындағы тұрғындарға сақ болу жайлы ескерту жасады.



Ұқсас жаңалықтар