Францияда мүгедектер үйінде өрт шықты
Винценхайм қаласында мүгедектер үйінде шыққан өрт салдарынан 11 адам қаза тапты.
Францияның Винценхайм қаласында мүгедектер үйінде шыққан өрт салдарынан 17 адам эвакуацияланып, із-түссіз жоғалған 11 адамның қаза тапқаны білдірілді.
Францияның Хаут-Рин аймағындағы Винценхайм ауданында мүгедектер үйінде жергілікті уақытпен сағат 06:30 шамасында өрт шықты.
Жалын 500 шаршы метр ғимараттың 300 шаршы метрін шарпыған.
Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин өрт сөндіру қызметінің жылдам әрі батыл әрекетіне қарамастан, қаза тапқандар бар екенін және жұмыстың жалғасып жатқанын хабарлады.
Хаут-Рин аймақтық губернаторлығы жасаған мәлімдемеде үйден 17 адамның эвакуацияланғаны және 11 адамның қаза болуы мүмкін екендігі атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада қаза тапқандар саны 44 мың 580-ге жетті
Бұл туралы Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.