Ислам Ынтымақтастық Ұйымы айыптады
Израиль әскерлері кеше бір көлікке оқ жаудырып еді, оқиғада 3 палестиналық қаза тапқан болатын.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) басып алынған Батыс Шерияда Израиль күштерінің 3 палестиналықты өлтіруін айыптады.
ИЫҰ-дан жасалған жазбаша мәлімдемеде Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин маңында бір көлік ішінде 3 палестиналықты атып өлтіру «қорқынышты қылмыс» деп сипатталды.
Мәлімдемеде сонымен қатар еврей қоныстанушы топтарының палестиналықтарға және Батыс Шериядағы жерлеріне жасаған шабуылдары айыпталып, осы радикалды топтардың 4 тамыз күні Наблусқа жасаған шабуылдары нәтижесінде бір палестиналық өліп, біразының жараланғаны еске салынды.
Палестиналықтарға қарсы жалғасып жатқан шабуылдардан Израильдің жауапты екені айтылды. Ұйым халықаралық қауымдастықты Израильдің Палестина жерлеріндегі қылмыстарының алдын алуға шақырды.
Израиль әскерлері кеше Дженин маңындағы Арраба қаласында көлікке оқ жаудырып еді, оқиғада 3 палестиналық қаза тапқан болатын.
Израиль армиясының баспасөз хатшысы жазбаша мәлімдемесінде өлтірілген палестиналықтардың шабуылға дайындалған «террор ұясы» екенін және көлікте автоматты мылтық болғанын алға тартты.
Ұқсас жаңалықтар

Пәкістанның Хайбер Пахтунва уәлаятында бомбалы шабуыл жасалды
Мектеп маңындағы бомбалы шабуылда 3-і бала 6 бейбіт тұрғын жараланды.