Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Құран Кәрімге жасалған шабуылды айыптады
Мәлімдемеде Швеция мен Данияда Құранның қасиеттілігіне қарсы жасалған шабуылдардың қатаң түрде айыпталғаны білдірілді.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Қасиетті Құран Кәрімнің өртелуіне байланысты ыңғайсыздықты білдіру үшін Еуропалық Одақ (ЕО) комиссиясына делегация жіберу туралы шешім қабылдады.
Құранға жасалған шабуылдарды қолға алу мақсатында кеше өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы 18-ші Төтенше Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін жасалған жазбаша мәлімдеме Ислам Ынтымақтастық Ұйымының бетінде жарияланды.
Мәлімдемеде Швеция мен Данияда Құранның қасиеттілігіне қарсы жасалған шабуылдардың қатаң түрде айыпталғаны білдірілді.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымының сөз бостандығы сылтаумен жасалған мұндай әрекеттердің қайталанбауы үшін ЕО комиссиясына делегация жіберу туралы шешім қабылдағаны хабарланды.
Мәлімдемеде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Құран Кәрім өртенген елдермен қарым-қатынастарын қарастырып, қажетті ұстанымға шақырылды.
Ұқсас жаңалықтар

Пәкістанның Хайбер Пахтунва уәлаятында бомбалы шабуыл жасалды
Мектеп маңындағы бомбалы шабуылда 3-і бала 6 бейбіт тұрғын жараланды.