Энтони Блинкен Крис Хипкинспен кездесті
Жаңа Зеландияға барған Энтони Блинкеннің Хипкинспен кездесіп, екіжақты, аймақтық және жаһандық мәселелерді қолға алғаны білдірілді.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Жаңа Зеландияның премьер-министрі Крис Хипкинспен кездесу өткізді.
Кездесуде екіжақты, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Жаңа Зеландияға барған Блинкеннің Хипкинспен кездесіп, екіжақты, аймақтық және жаһандық мәселелерді қолға алғаны білдірілді.
Тынық мұхиты елдерінің АҚШ үшін маңыздылығына тоқталған Блинкен екі елдің ынтымақтастығын жалғастыратынына толық сенімді екенін атап өтті.
Блинкен Хипкинске Жаңа Зеландияның Украинаға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, Жаңа Зеландияның айдың басында Литва астанасы Вильнюс қаласында өткен НАТО көшбасшылар саммитіне қатысуына орай ризашылығын білдірді.
Екі басшы Қытайға сапарларын бағалаған кездесуде Блинкен «еркін және гүлденген Үнді-Тынық мұхиты аймағы» тұғырына тоқталды.