Буркина-Фасодағы шабуылда 10 адам қаза тапты

Буркина-Фасодағы екі бөлек лаңкестік әрекеттен 10 адам қаза тапты.

2013278
Буркина-Фасодағы шабуылда 10 адам қаза тапты

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, белгісіз қарулы адамдар Букл-ду-Мухун аймағындағы Косси қаласына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.

Сол күні Кот-д'Ивуар шекарасындағы Тондура қалашығына жасалған шабуылда 4 адам қаза тапты.

2015 жылы Буркина-Фасода басталған қауіпсіздік дағдарысы салдарынан 2 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Үкімет мәліметтері бойынша, олардың тек 120 мыңы ғана үйлеріне орала алған.

Премьер-министр Аполлинер Йоахимсон Кайлем де Тамбела мамырда сөйлеген сөзінде ел аумағының 65 пайызы мемлекет бақылауында екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар