Швеция Қорғаныс министрі террормен күреске тоқталды

Министр Поль Джонсон Швецияның Түркиямен халықаралық лаңкестікке қарсы бірге күресетінін мәлімдеді.

2011111
Швеция Қорғаныс министрі террормен күреске тоқталды

Швеция Қорғаныс министрі Поль Джонсон халықаралық лаңкестікке қарсы елінің Түркиямен бірге күресетінін атап, «Өзімізді PKK террор ұйымының Швециядағы әрекеттерінің алдын алуға бағыттаймыз» деді.

Джонсон «Aftonbladet» газетіне берген сұхбатында Литвада өткен НАТО саммитінде Түркия, Швеция және НАТО арасындағы бітімге келу және Түркияның Швецияның НАТО мүшелігі хаттамасын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (ТҰҰМ) бекітуге жіберу шешімін бағалады.

Джонсон «Түркиямен халықаралық терроризмге қарсы бірге күресеміз. Террор ұйымы PKK-ның Швециядағы әрекеттерінің алдын алуға бар күшімізді саламыз. Бұл біздің қауіпсіздігіміз үшін де, Түркияның қауіпсіздігі үшін де маңызды» деді.

Джонсон бір журналисттің «Вильнюстегі кездесуде Түркиямен жасалған келісім нәтижесінде Швеция YPG/PYD және ФЕТО-ны террор ұйымы ретінде қабылдай ма?» деген сұрағына қайтарған жауабында «Мен бұған нақты жауап бере алмаймын, өйткені отырысқа мен қатыспадым, Әділет министрі Гуннар Штреммер қатысты» деді.

Джонсон Түркия, Швеция және Финляндия қол қойған үштік меморандумда қай лаңкестік топтармен күресу мәселесінің де қамтылғанын атап көрсетті.

Мадридте 2022 жылы 28 маусым күні өткен НАТО саммитінде қол қойылған меморандумда «НАТО-ның болашақ одақтастары ретінде Финляндия мен Швеция ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіптердің бәріне қарсы Түркияны толық қолдайды. Бұл орайда Финляндия мен Швеция PYD/YPG мен Түркияда «ФЕТО» деп аталатын ұйымдарға қолдау көрсетпейді. Түркия болса ұлттық қауіпсіздікке төнген барлық қауіптерге қарсы Финляндия мен Швецияға толық қолдау көрсетуде» делінді.

Түркия, Швеция және НАТО-ның Вильнюстегі үштік кездесуінен кейін жасалған жазбаша мәлімдемеде «Швеция Түркияда YPG/PYD мен «ФЕТО» деп аталатын ұйымдарға қолдау көрсетпейтінін қайталады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар