Алғашқы безгек вакцинасы Африкаға беріледі

Ұлыбритания "GSK" фармацевтикалық компаниясы әзірлеген "Mosquirix (RTS,S/AS01)" вакцинасының Гана, Кения және Малавидегі 1.7 миллион балаға сынақ жасалған.

2007912
Алғашқы безгек вакцинасы Африкаға беріледі

Әртүрлі елдерде сынақтан өткен жаңадан жасалған безгекке қарсы вакцина Африканың 12 еліне жіберілетіні белгілі болды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Гави вакцина альянсы бірлескен мәлімдемесінде 2025 жылдың соңына дейін 12 Африка еліне безгекке қарсы шамамен 18 миллион штамм вакцина жіберілетіні білдірілді.

Мәлімдемеде Ұлыбритания "GSK" фармацевтикалық компаниясы әзірлеген "Mosquirix (RTS,S/AS01)" вакцинасының Гана, Кения және Малавидегі 1.7 миллион балаға сынақ жасалғаны еске салынды.

Бенин, Буркина-Фасо, Бурунди, Камерун, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Нигер, Сьерра-Леоне және Уганда вакцинаны алатыны білдірілген мәлімдемеде Африканың кем дегенде  28 елі вакцинаға қызығушылық танытып отырғаны жарияланды.

Мәлімдемеде сондай-ақ безгекке қарсы вакцинаға деген жылдық сұраныстың 2026 жылға қарай 40-60 миллионға дейін артуы күтілетіні атап өтілді.

Паразиттік масалардың шағуы арқылы жұғатын және 7 күндік орташа инкубациялық кезеңнен кейін пайда болатын безгек ауруы қызба, қалтырау, терлеу, бас ауруы, жүрек айну, құсу, бұлшықет ауыруы, әлсіздік сияқты тұмауға ұқсас белгілермен көрінеді.

Ең қауіпті аурулардың бірі болып табылатын және әр 2 минут сайын бір баланың өліміне

себеп болатын безгек көбінесе Африкада байқалады.

Африкада жыл сайын безгектен орта есеппен 500 мың адам қайтыс болады және қайтыс болғандардың көпшілігі балалар.



Ұқсас жаңалықтар