АҚШ-та көптеген рейс кешікті

АҚШ-та 4 шілде Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты сапарға шыққан мыңдаған жолаушы әуежайларда қалды, 4 мың 165 рейс кешіктіріліп, 131 рейс тоқтатылды.

2006805
АҚШ-та көптеген рейс кешікті

Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 мыңнан астам ішкі және халықаралық рейс кейінге қалдырылды.

"Flight Aware" рейсін бақылау сайтының хабарлауына қарағанда 4 шілде Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты сапарға шыққан мыңдаған жолаушы әуежайларда қалды, 4 мың 165 рейс кешіктіріліп, 131 рейс тоқтатылды.

АҚШ-тың шығыс жағында дауыл әсер етсе, елдің батысы мен оңтүстігі маусымдық нормадан жоғары температурамен күресуде.

Сонымен бірге Ұлттық Метеорология басқармасы таратқан ақпаратта елдің солтүстік-шығысында ауа райының күрт нашарлайтыны, Оңтүстік Каролина, Нью-Джерси және Нью-Йорктің кейбір жерлерінде қатты жел, дауыл және бұршақ жауатыны межеленіп отыр.

АҚШ-тың орта-батыс аймағындағы 150 мыңнан астам адам демалыс күндері ауа райының қолайсыздығынан электрсіз қалды.



Ұқсас жаңалықтар