Путин Құран Кәрімді қорлаудың  қылмыс екенін айтты

Владимир Путин «Құран Кәрім мұсылмандар үшін қасиетті және басқалар үшін де қасиетті болуы керек» деді.

2005178
Путин Құран Кәрімді қорлаудың  қылмыс екенін айтты

Ресей Президенті Владимир Путин кейбір елдерде Құран Кәрімді қорлау қылмыс болып саналмайтынына назар аударып, «Біздің елімізде  бұл конституция бойынша да, қылмыстық кодекс бойынша да қылмыс болып табылады» деді. 

Путин Ресей Федерациясы Дағыстан автономиялық республикасының Дербент қаласына барды.

Дербенттің тарихи мешітіне барған Путин Дағыстан мұсылмандарының өкілдерімен кездесті.

Мұсылмандардың Құрбан айт мерекесін тойлаған Путинге Құран Кәрім сыйға тартылды.

Владимир Путин, сыйлық үшін алғыс білдіріп «Құран Кәрім мұсылмандар үшін қасиетті және басқалар үшін де қасиетті болуы керек. Басқа елдерде оған басқаша қарайтынын білеміз. Адамдардың діни сезімін құрметтемейді және бұл қылмыс емес деп айтады. Біздің елде бұл әрі конституцияға және қылмыстық кодекс бойынша қылмыс болып табылады» деді. 



Ұқсас жаңалықтар