Араб Одағы: "Израиль екі мемлекетті шешімге балта шабады"
Араб Одағы Бас хатшы Ахмед Әбу Гайт мәлімдеме жасады.
Араб Одағы Израиль басып алған Палестина жерінде мыңдаған тұрғын үй салу жоспарына қарсы ескерту жасады.
Араб Одағы жасаған жазбаша мәлімдеме Бас хатшы Ахмед Әбу Гайттың Шерияның батысында мыңдаған тұрғын үй салу жоспарын жүзеге асыруға әрекет жасаған Израиль үкіметіне ескерту жасағаны білдірілді.
Мәлімдемеде тәуелсіз Палестина мемлекеті құрылатын жерлердің қоныстандыру жобаларымен басып алынғаны, сондықтан мұндай жоспарлардың екі мемлекетті шешім талпыныстарына нұқсан келтіретіні баса айтылды.
Мәлімдемеде Әбу Гайттың екі мемлекетті шешімді жақтайтын АҚШ әкімшілігінен Израильдің аталмыш жоспарларына қарсы табандылық танытуын талап еткені және қоныстану саясаттының бітімгершілік процесін жоятынын жеткізгені атап көрсетілді.
Мәлімдемеде Палестина жерлері күн сайын басқыншылыққа ұшырап жатқан бір кезде палестиналықтар мен израильдіктер арасында келісім немесе аймақтық бейбітшілік туралы сөз қозғаудың мүмкін емес екені баса айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
2024 Нобель иелері анықталды
Медицина саласындағы осы жылғы Нобель сыйлығын Виктор Амброс пен Гари Рувкун алды.