Сомалиде ойын алаңында 22 бала қаза тапты
Сомалиде ойын алаңында зымыранның жарылуы кесірінен 22 бала қаза тапты.
1997903

Төменгі Шабель аймағының ресми өкілдерінің бірі Ибрахим Малабов баспасөзге берген мәлімдемесінде балалар ойнап жүрген саябақта жарылыс болғанын айтты.
Малабов зымыран жарылуы салдарынан балалардың 22-сі өліп, 3-уі жараланғанын хабарлады.
Террор ұйымы Әл-Шабабты айыптаған Малабов қайтыс болған балалардың 16-сының ұл, 6-сының қыз екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Канадада жоғалған балалар
Үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.