Украинада 1995 адам эвакуацияланды

Украинадағы Каховка бөгеті қирағаннан  кейін аймақтан 1995 адам эвакуацияланды.

1997475
Украинада 1995 адам эвакуацияланды

Украинаның Херсон облысында Каховка бөгеті мен су электр стансасы  жарылып, тонналаған су Днепрге аққан еді.

Украинадағы Каховка бөгеті қирағаннан  кейін аймақтан 1995 адам эвакуацияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының баспасөз хатшысы Шабия Манту Украинаның Херсон аймағындағы Каховка бөгеті мен су электр стансасының алдыңғы күні бомбаланғаннан кейінгі соңғы жағдайға қатысты баға берді.

Бөгеттің кирауымен аймақтағы елді мекендердің су астында қалуының қорқынышты екенін атап өткен Манту «Украина үкіметі бақылауындағы аймақтарда 16 мыңға жуық адам су тасқынынан зардап шекті, 1995 адам эвакуацияланды немесе аумақты тастап кетті, жүздеген мың адам таза ауыз суға қол жеткізе алмады» деген сөздер қолданды.

Манту Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының үкімет, жергілікті билік және БҰҰ гуманитарлық үйлестірушісінің басшылығымен аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға үлес қосқанын айтты.

Енді жағынан, БҰҰ-ның  (Днепр) өзеннің екі жағындағы барлық мұқтаж украиналықтарға қол ұшын беруге бел буғандығы айтылды.

БҰҰ-ның Украинадағы гуманитарлық координаторы Денис Браун жасаған жазбаша мәлімдемесінде Каховка бөгеті қирағаннан кейін БҰҰ ұйымдары мен гуманитарлық көмек қызметкерлерінің су, азық-түлік және ақшалай көмек көрсеткенін атап өтті.

Украина Президенті Владимир Зеленский өз сұхбатында Біріккен Ұлттар Ұйымын Украинаға шұғыл көмек көрсетпегені үшін  айыптады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар