Мадуро Түркия мен Сауд Арабиясы сапарына риза
Президент Мадуро президент Ердоғанның 3 маусым күні елорда Анкарадағы Президенттік сарайда ұйымдастырылған «Міндетке бастау рәсіміне» қатысты.
Венесуэла президенті Николас Мадуро Түркия мен Сауд Арабиясына сапарының «өте сәтті» болғанын айтты.
Әлеуметтік желідегі парақшасында президент Режеп Тайып Ердоған және Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен түскен фотосуреттерін бөліскен Мадуро Венесуэланың Түркия және Сауд Арабиясымен құрған берік ынтымақтастығының сәтті жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.
Венесуэла президенті Николас Мадуро:
«Түркия және Сауд Арабиясы сияқты дос елдердегі халықаралық жұмыс күн тәртібіміз толық табысқа жетті, бұл бізге стратегиялық салаларда берік, өзара көмек және сауда көпірлерін құруға мүмкіндік берді. Біз жаңа әлемнің бірлігі мен ынтымақтастығында табандылық танытуды жалғастырамыз», - деді.
Президент Мадуро президент Ердоғанның 3 маусым күні елорда Анкарадағы Президенттік сарайда ұйымдастырылған «Міндетке бастау рәсіміне» қатысқаннан кейін кеше Жиддадағы Салам сарайында мұрагер ханзада Бин Салманмен кездесті.
Ұқсас жаңалықтар
2,2 миллион адам көмекке мұқтаж
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы басшылары "атысты тоқтату керек" деді.