Қытайда "Ковид-19" індеті қайта асқынуда

"Airfinity" денсаулық сақтау қызметтері мен талдау компаниясы жариялаған анализде індеттің 112 миллион адамға әсер ететіні есептелгені білдірілді.

1997628
Қытайда "Ковид-19" індеті қайта асқынуда

Қытайдағы коронавирустың жаңа түрі "Ковид-19" "Omicron" "XBB" штаммынан туындаған эпидемияда маусым айының басындағы жағдай бойынша науқас саны аптасына 11 миллионмен шыңына жетуі межеленуде.

Орталығы Лондонда орналасқан "Airfinity" денсаулық сақтау қызметтері мен талдау компаниясы жариялаған анализде індеттің 112 миллион адамға әсер ететіні есептелгені білдірілді.

Компания бұл инфекция толқынында 629 мың адам қайтыс болатынын болжап отыр.

"Airfinity" компаниясының Ковид-19 эпидемиологы, доктор Тишя Венкатраман Қытайдың алты ай бұрын бастан өткерген үлкен эпидемия толқыны кең таралған табиғи иммунитетті қамтамасыз еткенін және сол күннен бастап вакцинацияда жақсы нәтижеге қол жеткізілгенін айтты.

Тишя Венкатраман:

«Біз "XBB" штаммының әсеріне қарамастан Қытайда көлемі шағын және күші азырақ екінші толқын болуын болжап отырмыз» деді.

Ауруханалар мен мәйітханаларда қыс айларындағыдай тығыздық жоқ екеніне назар аударған Венкатраман:

«Толқынның ауқымы кішірек болса да, Қытайда қартайған халықтың артуына байланысты әлі де ауқымды өлімге себеп болуы мүмкін» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар