Каховка бөгетінің қирауы салдарынан 5 адам қаза тапты

Ресей де, Украина да аймақтан эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.

1997104
Каховка бөгетінің қирауы салдарынан 5 адам қаза тапты

Украинадағы Каховка бөгетінің қирауы салдарынан 5 адам қаза тауып, 14 мыңнан астам үйді су басқан.

Украинаның Херсон облысында сейсенбі күні Ресейдің бақылауындағы Каховка бөгеті жарылғаннан кейін эвакуациялау жұмыстары мен зиянды анықтау жұмыстары жалғасуда.

Украина әкімшілігі 600 шаршы километрлік аумақтың (шамамен 84 мың футбол алаңы) су астында қалғанын хабарлады.

Өңірдегі ресейшіл әкімшілік бөгеттің опырылуы салдарынан 5 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Украина болса тұрғындарды мина қаупіне байланысты ескертті. Ескертуде су басқан аймақтағы миналардың су бетіне шыққан болуы мүмкін екені айтылды.

Су тасқынынан кейін аймақта жарылған миналардың көріністері әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Ресей де, Украина да аймақтан эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.

Каховка бөгетін нысанаға алды деп екі ел бір-бірін айыптап отыр.



Ұқсас жаңалықтар