Жеті палестиналықты жаралады

Сарбаздар Иерихадағы Акаба Джабр босқындар лагеріне шабуыл жасап, бірнеше үйді тінтті.

1996582
Жеті палестиналықты жаралады

Израиль күштері басып алған Батыс Шерияда 7 палестиналықты жаралап, 12-сін тұтқынға алды.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Израиль күштері Батыс Шерияның әртүрлі жерлеріне, әсіресе Иериха мен Дженин қалаларына шабуыл жасады.

Сарбаздар Иерихадағы Акаба Джабр босқындар лагеріне шабуыл жасап, бірнеше үйді тінтті.

Осы кезде аймақ халқы мен Израиль әскерлері арасында қақтығыс болды.

Израиль күштері палестиналықтарға резеңкемен қапталған металл оқтармен және шын оқ-дәрімен бірге көзден жас ағызатын газбен шабуыл жасады.

Палестина Қызыл жарты ай қоғамы Акаба Джабрда шын оқтан жараланған 6 адамның Иериха мемлекеттік ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.

Израиль күштерінің Джениндегі Кефр Дан ауылына жасаған шабуылында бір палестиналық шын оқтан жараланды.

Басқын  кезінде палестиналықтардың бір  көлігі жарылған.  



Ұқсас жаңалықтар