Қастандықтың жауапкершілігін ДАИШ өз мойнына алды
Террор ұйымы бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді.
1996577
Ауғанстанның Бадахшан уәлаятында Талибан тағайындаған әкім орынбасары Мевлеви Нисар Ахмет Ахмединің өлімімен аяқталған қастандықтың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы өз мойнына алды.
Террор ұйымы бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Бадахшан уәлаятының орталығында әкім орынбасары қастандыққа ұшырап, қаза тапқан болатын.
9 наурыз күні де Ауғанстанның Белх уәлаятының әкімі Мұхаммед Давуд Муземмил бомбалы шабуылда қаза тапқан болатын.
2021 жылдың тамыз айында Ауғанстаның билігіне Талибан келіп, ДАИШ террор ұйымы оларға қарсы шабуылдарын арттырған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Еуропада Палестинаны қолдау шерулері жалғасуда
Шерушілер Германия, Нидерланды, Италия, Швеция және Ирландияда наразылық шерулерін ұйымдастырды.