Гаитидегі су тасқынында 51 адам қаза тапты
Ел көлемінде 820 үй толығымен қирап, 31 мың 591 үй су астында қалды.
Гаитиде 5 маусым күні нөсер жауын салдарынан су тасқыны мен топырақ көшкіні болып, 51 адам қаза тапты.
Гаити Азаматтық қорғаныс басқармасы қаза тапқандар санының 51-ге, зардап шеккендердің 18-ге, жаралылардың 140-қа жеткенін хабарлады.
Ел көлемінде қазірге дейін 820 үй толығымен қирап, 31 мың 591 үй су астында қалды, 40 мың отбасы қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланды.
Гаити Азаматтық қорғаныс басқармасы жасаған мәлімдемеде елдің батысының су тасқынынан қатты зардап шеккені, аймақтың баспана, азық-түлік, гигиеналық өнімдер мен таза ауыз суына мұқтаж екені айтылды.
Премьер-министр Ариэль Генри ұлттық және халықаралық жәрдем сұранысы үшін шұғыл шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.
2016 жылы Гаитиде «Мэтью» дауылынан 800-ден астам адам қайтыс болған еді.