БҰҰ-да Украина мен Ресей бірін-бірі айыптады

Украинаның өтініші бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл отырыспен жиналды.

1996438
БҰҰ-да Украина мен Ресей бірін-бірі айыптады

Украинадағы Каховка су электр станциясының қирауынан кейін шұғыл жиналған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей мен Украина делегациялары шабуыл үшін бір-бірін айыптады.

Украинаның өтініші бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл отырыспен жиналды.

Отырыста сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары және төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Мартин Гриффитс:

«Каховка су электр станциясының қирауынан келген зиян онсыз да қақтығыстардан зардап шегіп жатқан адамдардың өмірінің тіпті қиындай түсетінін көрсетеді» деді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының кезек күттірмейтін міндеті халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету екенін атап өткен Гриффитс көмек көрсету үшін бар күш-жігерін салуға дайын екендіктерін білдірді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя елінебағытталған «жалған ақпарат тарату науқаны» жүріп жатқанын және Ресейдің су электр станциясын жарып жібергені алға тартылғанын білдірді.

Айтылып отырған айыптаулардың «шизофрения» екенін айтқан Небензя: «Киевтің маңызды инфрақұрылым нысандарына қасақана зиян келтіруі өте қауіпті және соғыс қылмысы немесе террорлық шабуыл ретінде сипатталуы мүмкін» деп көрсетті.

Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Сергей Кислица:

"Бұл Украинаның маңызды инфрақұрылымын нысанаға алған лаңкестік әрекет. Оның мақсаты - бейбіт тұрғындардың ауыр шығындалуы және күйрету" деді. 

Ресейдің су электр станциясы мен аймақты бір жылдан астам уақыттан бері бақылауда ұстағанын білдірген Сергей Кислица: «Бөгетті сырттан бомбалау физикалық тұрғыдан мүмкін емес, су электр станциясын орыс басқыншылары мина төсеп, жарып жіберген» деп көрсетті.

Сонымен бірге БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымының Бас директоры Антонио Виторино Каховка су электр станциясына зақым келтірген шабуылдың мыңдаған адамның өмірін қатерге ұшыратқанын және қоршаған ортаға ауыр зиян келтіргенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар