Каховка су электр станциясы бомбаланды

Украинаның Херсон облысындағы Ресейдің бақылауға алған Каховка су электр станциясы бомбаланды.

1995739
Каховка су электр станциясы бомбаланды

Украина армиясының Оңтүстік жедел қолбасшылығының баспасөз хатшысы Владислав Назаров Ресей армиясының Херсон облысындағы Каховка бөгетіне соққы бергенін мәлімдеді.

Назаров әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Назаров «Ресей басқыншы әскерлері Каховка су электр станциясын жарып жіберді. Қираудың ауқымы, судың жылдамдығы мен көлемі, ықтимал су тасқыны аймақтары нақтыланды. Барлық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Жағдай қадағалануда» деген сөздер қолданды.

Херсон облысы әскери басқармасының басшысы Александр Прокудин де әлеуметтік желідегі парақшасында су басу қаупі төнген Днепр өзенінің оң жағалауында тұратындардың эвакуацияланатынын хабарлады.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак әлеуметтік желідегі парақшасында Каховка су электр станциясындағы  жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Украина Президенті Владимир Зеленский «Ресей Каховка су электр станциясының бөгетін жойды.  Бұл оқиға Украина аумағының әр түкпірінен қуып шығу керек екенін бүкіл әлемге растады» деді.



Ұқсас жаңалықтар