ЕО 5 елдің Украинадан астық импортына шектеуін ұзартты

ЕО комиссиясы Украинадан ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға қатысты жаңа шешімдерді жариялады.

1995902
ЕО 5 елдің Украинадан астық импортына шектеуін ұзартты

Еуроодақ (ЕО) Польша, Венгрия, Румыния, Словакия және Болгарияның Украинадан астық өнімдерін импорттауына шектеуді 15 қыркүйек күніне дейін ұзартты.

ЕО комиссиясы Украинадан ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға қатысты қабылданған жаңа шешімдерді жариялады.

Бұған қарағанда 2 мамыр күні Польша, Венгрия, Румыния, Словакия және Болгария үшін Украинадан бидай, жүгері, рапс және күнбағыс импортына арналған және бүгін аяқталған ерекше және уақытша шараларды 15 қыркүйек күніне дейін ұзартты.

Бұл үдерісте 5 ел Украина астығын Еуроодаққа мүше елдерге жөнелтудің алдын алатын  ешбір шараны іске қоспайды.

Аталмыш елдер күрделі логистикалық дағдарыстар мен астық жинау маусымы алдында қоймалардың шектеулі болуына байланысты украин астығына шектеудің жалғасуын талап еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар