Виктор Орбан Ердоғанды мақтады
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан президент Режеп Тайып Ердоғанның Анкарадағы ант беру рәсіміне қатысты.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Түркия астанасы Анкарада өткен президент Режеп Тайып Ердоғанның ант беру рәсімінде Ресей-Украина соғысына бағытталған бейбіт көзқарасы үшін мақтады.
Орбан Твиттер парақшасында ант беру рәсімінде президент Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын білдіріп:
«Оның бейбітшілікті жақтайтын ұстанымы Венгрия үшін таза ауа тынысы сияқты» деді.
Түркияға сапары мен салтанатты рәсімдегі суреттерге байланысты видеосын бөліскен Орбан:
"Ердоғанның жеңісі бізге таза ауадай қажет және ол бейбітшілікті жақтайтын лидер» деп көрсетті.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан:
«Түркия президенті украиндар мен ресейліктер арасындағы астық дағдарысында маңызды рөл атқарды» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Мосулда той залында шыққан өрттен 100 адам қаза тапты
Ирактың Мосул қаласындағы той залында шыққан өртте 100 адам қаза тапты.