Пәкістан үнді балықшыларды босатты

Пәкістан өзінің теңіз айдынына заңсыз кіргені себепті ұсталған 198 үнді балықшыны босатты.

1995030
Пәкістан үнді балықшыларды босатты

«The News» газетіндегі хабарға қарағанда билік Үндістаннан келген 198 балықшыны Лахордағы екі елдің Вагах шекара қақпасы арқылы үнді лауазымдыларға тапсырды.

Исламабад әкімшілігінің ізгі ниеттің белгісі ретінде аумақтық суларға кірді деген себеппен ұстаған үнді балықшыларын босатуға шешім қабылдағаны, маусым және шілде айларында да ұстанымды жалғастыратыны атап көрсетілуде.



Ұқсас жаңалықтар