Үндістандағы пойыз апатында 288 адам қаза тапты
Үндістанның Орисса уәлаятында кеше болған пойыз апатынан 288 адам қаза тауып, 900-ден астам адам жарақат алды.

Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 19:20-да уәлаятының Баласоре аймағындағы Бахана-Базар теміржол вокзалы маңында екі жолаушы пойызы мен жүк пойызы соқтығысты.
Апат салдарынан 288 адам қаза тауып, 900-ден астам адам жарақат алған.
Жантүршігерлік оқиғада қаза тапқандар саны көбейеді деп қауіптенуде.
Үндістан президенті Драупади Мурму өзінің жазбасында қайғылы оқиғаға қатты қайғырып, жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысымен бөлісті.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди де апаттан зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын мәлімдеді
Моди жақындарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Канадада жоғалған балалар
Үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.