Зеленский Украинаның  НАТО-мүше болу керектігін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ға мүше болу Украина үшін ең жақсы қауіпсіздік кепілі екенін мәлімдеді.

1994395
Зеленский Украинаның  НАТО-мүше болу керектігін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Молдовадағы Украина шекарасынан 20 шақырым жердегі тарихи Мими сарайында өткен Еуропалық саяси қоғамдастық саммитінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Президент Зеленский «Украина НАТО-мен жақындасуда алға қадам жасау үшін барлығын жасауы керек және бұл сигналды альянсқа мүше елдерден қабылдауы керек» деді.

Украина НАТО құрамында болса, Ресейдің шабуыл жасамайтынын түсіндірген Зеленский: «Бұл НАТО-ның ең жақсы қауіпсіздік кепілі екенін көрсетеді» деген сөздер қолданды.

Владимир Зеленский Батыс серіктестеріне Украинаға F-16 ұшақтарын жеткізу туралы шешімі үшін алғыс айтып, оларға заманауи әскери ұшақтар қажет екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар