"Украина НАТО-ға мүше болмайды"
Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ресеймен соғысып жатқан Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын айтты.

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок Ресеймен соғысып жатқан Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын білдірді.
Анналена Бербок НАТО Сыртқы істер министрлерінің Ослодағы бейресми жиналысы аясында жасаған мәлімдемесінде Украинаның НАТО-ға мүшелігі туралы пікірталасқа баға берді.
Әр елдің қай альянсқа кіретінін өзі шеше алатынын атап көрсеткен Бербок Украина мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың соғыс салдарынан күшейгеніне назар аударды.
"НАТО әрқашан айқын білдіріп келген ашық есік саясатын қолданады. Сонымен бірге соғыс кезінде жаңа мүшелік туралы айта алмайтынымыз анық", - деді Бербок.
Бір жылдың алдында Испанияның астанасы Мадридте өткен НАТО саммитінде Финляндия мен Швецияның одаққа кіре алатыны анық айтылғанын атап көрсеткен Германия министрі Швецияның НАТО мүшелігінде елінің толық қолдауына ие екенін қайталады.
Ұқсас жаңалықтар

Канадада жоғалған балалар
Үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.