Молдавияда ЕО пен төрт елдің басшысы бас қосты
Еуропалық Кеңестің төрағасы Чарльз Мишель мен Әзербайжан, Армения, Германия және Франция басшылары Молдавияда бас қосты.

Әзербайжан, Армения, Еуропа Одағы (ЕО), Германия және Франция басшылары Молдавияда бас қосты.
Еуропа Саяси қоғамдастығының саммиті өткен Молдавияның Бульбоака қаласындағы тарихи Мими сарайында өткен басшылар отырысына Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, ЕО Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель, Франция президенті Эммануэль Макронжәне Германия премьер-министрі Олаф Шольц қатысты.
Кездесуге байланысты мәлімдеме жасаған Еуропалық Кеңестің төрағасы Чарльз Мишель Бельгияның астанасы Брюссельде өткен келіссөздерде бұрын талқыланған бейбіт келісім, тасымалдау, қауіпсіздік және шекараны анықтау жұмыстары сияқты түрліше тақырыптарды бағалағандарын айтты.
Әзербайжан мен Армения басшыларының басын қосатын келесі кездесудің 21 шілдеде Брюссельде өтетінін атап өткен Мишель:
«Біз қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған барлық оң күш-жігерді қолдаймыз» деді.
Күзде Испанияда өтетін Еуропа Саяси қоғамдастығының келесі отырысында Әлиев, Пашинян, Макрон және Шольцпен қайта кездесуге шешім қабылдағандарын айтқан Мишель:
«ЕО ретінде біз қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге көмектесу және дамуға қол жеткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Гватемаладағы су тасқынынан 6 адам көз жұмды
Орталық Америка мемлекеті Гватемалада толассыз жаңбыр су тасқынына себеп болды.