Илон Маск «әлемдегі ең бай адам» тізімінің басында

«Әлемдегі ең бай 500 адам» тізімінде "Twitter", "Tesla" және "SpaceX" компанияларының иесі Маск 192 миллиард долларға бағаланған таза байлығымен тізімнің басында  орын алды.

1994100
Илон Маск «әлемдегі ең бай адам» тізімінің басында

Америкалық іскер тұлға Илон Маск тағы да «әлемдегі ең бай адам» атағының иегері атанды.

"United Press International" хабарына қарағанда сәуір айында "Louis Vuitton" маркасы да  бар "LVMH" сәнді тұтыну тауарлары тобының төрағасы Бернард Арномен орнын ауыстырған Маск "LVMH" акцияларының құлдырауымен «әлемдегі ең байлар» тізімінде бірінші орынды иеленді. 

"Bloomberg" миллиардерлер индексінің «Әлемдегі ең бай 500 адам» тізіміне негізделген хабарға қарағанда "Twitter", "Tesla" және "SpaceX" компанияларының иесі Маск 192 миллиард долларға бағаланған таза байлығымен тізімнің басында  орын алды.

Әлемдегі ең бай адам Арно сәуір айында рейтингте 211 миллиард доллар байлығымен Маскты басып озды, ал оның байлығы "LVHM" компаниясы акцияларының құнсыздануына байланысты 187 миллиард долларға дейін төмендеді.

"LVMH" компаниясы акцияларының құнын соңғы айда 10 пайыз жоғалтқандықтан Арноның байлығы осыған орай бір күнде 11 миллиард долларға азайғаны білдірілді.

«Әлемдегі ең бай адам» тізімінде "Amazon" компаниясының иесі Джефф Безос 144 миллиард доллар байлығымен 3-орынды, ал "Microsoft" корпорациясының иесі Билл Гейтс 125 миллиард долларлық байлығымен 4-орынды иеледі. 



Ұқсас жаңалықтар