Джо Байден сахнада құлап қалды
АҚШ президенті Джо Байден АҚШ Әскери-әуе күштері академиясының студенттеріне диплом тапсыру рәсімінде сахнада құлады.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден АҚШ Әскери-әуе күштері академиясының студенттеріне диплом тапсыру рәсімінде сахнада құлап түсті.
Колорадо штатында АҚШ-тың Әскери-әуе күштері академиясының студенттеріне арналған оқу бітіру рәсімінде сөз сөйлеген Байден студенттерге дипломдарын тапсырғаннан кейін тепе-теңдігін жоғалтып, сахнада құлады.
Джо Байден сахнада өзінің оққағарлары мен Әскери-әуе күштері офицерінің көмегімен орнынан тұрды.
80 жастағы Байденнің жағдайына қатысты Ақ Үйден әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Ақ Үйдің Коммуникациялар үйлестірушісі Бен ЛаБолт Twitter-де Байденнің денсаулығы жақсы екенін және президент қол алысқан кезде сахнада сүрініп кеткенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Путин Пашинянмен сөйлесті
Путиннің Пашинянмен телефон арқылы әңгімесінде Қарабах төңірегіндегі соңғы оқиғалар талқыланды.