Столтенберг Солтүстік Кореяны айыптады
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік Кореяның әскери жер серігін ұшыру әрекетін айыптады.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран технологиясын қолдана отырып, әскери жер серігін ұшыру әрекетін айыптады.
Столтенберг жазбаша мәлімдемесінде бұл бастаманы қатаң айыптайтынын білдірді.
Йенс Столтенберг:
«Бұл шиеленісті күшейтіп, аймақ пен одан тыс өңірлердің қауіпсіздігіне ауыр қатер төндіреді. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің көптеген шешімдеріне толық қайшылық жасағандық» деді.
Мәлімдемеде:
"НАТО Солтүстік Кореяны осы арандатушылық әрекеттерін тоқтатуға және Корей түбегінде тұрақты бейбітшілік пен толық және тексерілетін ядролық қарусыздандыруды қамтамасыз ету үшін диалогке қайта оралуға шақырады. Біз аймақтағы жақын серіктестеріміз Корея Республикасы және Жапониямен біргеміз" деп көрсетілді.
Солтүстік Кореяның жер серігін ұшыру бағдарламасы зымыран тасығыш жүйесіндегі ақауға байланысты сәтсіз аяқталғаны хабарланды.
Бұл Солтүстік Кореяның 2016 жылдан бері жер серігін ұшырудағы 6-шы реткі сәтсіз сынағы болды.
Ұқсас жаңалықтар

Канадада жоғалған балалар
Үш интернат пен ауруханада кем дегенде 158 баланың қайтыс болғаны анықталды.