Мыңнан астам денсаулық орталығына шабуыл жасалды

Украинада денсаулық мекемелерінің жартысына жуығы жұмыс істемейді.

1993863
Мыңнан астам денсаулық орталығына шабуыл жасалды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Украинада соғыс басталған 2022 жылдың ақпанынан бері 1000-нан астам денсаулық сақтау мекемесіне шабуыл жасалғанын хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик күнделікті баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасап, БҰҰ-ның аймақтағы қызметкерлері күн сайын дерлік денсаулық сақтау нысандарының нысанаға алынғанын хабарладп отырғанын білдірді.

Кеше ғана Донецк облысында 3 денсаулық орталығы зардап шеккенін айтқан Дужарик “Денсаулық сақтау нысандарына шабуылдар майданның екі жағында да болып жатыр. Қай жерде болса да денсаулық сақтау нысандарын нысанаға алу немесе қирату - гуманитарлық заңды бұзу» деді.

Дужарик  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 15 ай бұрын басталған Ресей-Украина соғысында денсаулық сақтау мекемелеріне 1000-нан астам шабуыл жасалғанын, бұл шабуылдарда 240 адамның қаза тапқанын және медицина қызметкерлері мен науқастардың жарақат алғанын хабарлағанын айтты.

Ол Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі денсаулық сақтау мекемелерінің жартысына жуығы жұмыс істемейтінін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар