Германияда азаматтық алғандардың көбі сириялық

Мәлімдемеде 6 мың 810 ирактық пен 5 мың 600 украинға Германия азаматтығы берілгені атап өтілді.

1993107
Германияда азаматтық алғандардың көбі сириялық

Өткен жылы Германияда азаматтық алғандардың арасында сириялықтар бірінші орынды иеледі.

Германия Федералдық статистика басқармасы Германия азаматтығына ие болғандардың статистикасын баспасөз мәлімдемесімен жариялады.

Мәлімдемеде 2022 жылы азаматтық алған шетелдіктер саны 2021 жылға қарағанда 28 пайызға артып, азаматтық алған 168 мың 545 адам арасында сириялықтардың 48 мың 300 кісімен бірінші орынды иелегені білдірілді.

Өткен жылмен салыстырғанда азаматтық алғандардың саны 37 мыңға артып, соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болғаны білдірілген мәлімдемеде неміс азаматтығын алған сириялықтардың мөлшері 29 пайызға тең келгені жарияланды.

Мәлімдемеде 6 мың 810 ирактық пен 5 мың 600 украинға Германия азаматтығы берілгені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар