БҰҰ Ирак миссиясының уақыты ұзартылды

БҰҰ Иракқа көмек көрсету миссиясының мандатын тағы 12 айға ұзарту туралы шешім бірауыздан қабылданды.

1993354
БҰҰ Ирак миссиясының уақыты ұзартылды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Иракқа көмек көрсету миссиясының мандаты бір жылға ұзартылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде өткен дауыс беруде БҰҰ Иракқа көмек көрсету миссиясының мандатын тағы 12 айға ұзарту туралы шешім бірауыздан қабылданды.

Ұлыбританияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі әлеуметтік медиа парақшасында шешімге байланысты «Бірауыздан қабылданған шешім Кеңестің көмек миссиясына, Ирак пен халқының ұзақ мерзімді тұрақтылығына қолдау көрсетуінің бейнесі» деп бөлісті. 

Иракты дамыту мен қалпына келтіруде үкіметке көмектесу, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету миссиясы бар БҰҰ Иракқа көмек көрсету миссиясы Ирактағы адам құқықтарының бұзылуын бақылауға да міндетті.

БҰҰ Иракқа көмек көрсету миссиясы 2003 жылы 14 тамызда АҚШ пен одақтас күштер Иракқа басып кіргеннен кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1500 номерлі шешімі бойынша құрылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар