АҚШ Қытай мен Мексикада 17 адамды санкция тізіміне енгізді

АҚШ Қытай мен Мексикада есірткі саудасына қатысы бар 17 адам мен мекемені санкция тізіміне енгізді.

1993428
АҚШ Қытай мен Мексикада 17 адамды санкция тізіміне енгізді

АҚШ есірткі өндірісі жабдықтарын халықаралық тарауына қатысы бар Қытай мен Мексикадағы 17 адам мен мекеменің санкция тізіміне енгізілгенін жариялады.

АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді бақылау кеңсесі (OFAC) фентанил қосылған заңсыз таблеткаларды өндіруде қолданылатын жабдықты тікелей немесе жанама түрде сатумен айналысқан жеке тұлға мен мекемелердің ізіне түскендерін хабарлады.

Мәлімдемеде санкциялардың Қытайда орналасқан 7 мекеме мен 6 адамға қоса, Мексикада орналасқан 1 мекеме мен 3 адамды қамтығаны және Мексикада орналасқан мекеме мен тұлғаларға бағытталған операцияның Мексика үкіметінің ынтымақтастығымен үйлестірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде АҚШ Қаржы министрлігі Терроризм және қаржылық барлауға жауапты кеңесші орынбасары Брайан Нельсонның құрамына фентанил қосылған таблеткалардың жыл сайын мыңдаған американдықтың өліміне әкеліп соққанына назар аударғаны хабарланды.

Нельсон «Осы өлімге әкелетін жаһандық өндірісті тоқтату және бұл препараттардың қаупіне қарсы тұру үшін бар жауапкершілігімізді заңсыз есірткі өндіруге көмектесетіндерге қарсы қолдануға міндеттенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар