Кейбір елдер "KFOR" күшіне жасалған шабуылды айыптады

Франция, Италия және Германия "KFOR" күшіне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

1992892
Кейбір елдер "KFOR" күшіне жасалған шабуылды айыптады

Франция Халықаралық Косово Бейбітшілік күші (KFOR) сарбаздарына жасалған шабуылдарды қатаң түрде айыптады.

Франция Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Косовоның солтүстігіндегі зорлық-зомбылық айыпталып, тараптардың, әсіресе Косово үкіметін қажетті шараларды қабылдауға шақырылғаны атап көрсетілді.

Серб демонстранттар мен Косово полициясы арасындағы қақтығысты тыныштандыруға қатысқан кейбірі жараланған KFOR сарбаздарымен Францияның ынтымақтасқаны аталып «Приштина мен Белградтың Косово тұрғындары мен сербтердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ымырашыл ұстаныммен келіссөз үстеліне оралу арқылы жауапкершілікті өз мойнына алуы маңызды» делінген мәлімдемеде халықаралық деңгейде аймақтық бейбітшілікке қауіп төндіруге жол берілмейтіні және мұның Еуропа үшін қауіпсіздік мәселесі екеніне назар аударылды.

Италия премьер-министрі Джорджия Мелони Косоводағы KFOR сарбаздарына, соның ішінде итальяндық сарбаздарға жасалған шабуылдарды қатаң түрде айыптады.

Германия Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде болса Косоводағы KFOR сарбаздарына жасалған шабуылдар айыпталып, зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырды.

Косовоның солтүстігіндегі сербтер албандардың жаңа мэрлерінің қызметіне кірісуіне жол бермеуге тырысты.

Мэрлерді танымайтын сербтердің Звечан, Зубин Поток пен Лепосавичтегі наразылық шерулері қақтығысқа ұласқан еді.

Косово полициясы қалалық әкімдікке кіргісі келген шерушілерге көз жасаурататын газ қолданған, оқиғада ондаған адам жарақат алған болатын.

Шерушілер НАТО-ға қарасты KFOR сарбаздары мен полицияға шабуыл жасап, 25-ке жуық НАТО бейбітшілік күші әскері жарақат алды.

Сербия 2008 жылы біржақты тәуелсіздігін жариялаған Косовоны өз территориясы деп қабылдайды.

Мерзімді түрде қақтығысатын Сербия мен Косово Еуроодақ бітімгерлігімен 2011 жылы екі елдің басталған Белград-Приштина келіссөз процесі аясында қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру және ақырында екі елдің бір-бірін тану үшін ортақ жол табуға тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар