Иран мен Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі келісті
Иран Атом Энергиясы Агенттігі мен Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі арасындағы жақында өткен техникалық келіссөздер нәтижесінде екі мәселе шешімін тапқаны білдірілді.
Иран мен Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі арасында келіспеушілік тудырған екі мәселенің шешілгені хабарланды.
Иранның жартылай ресми "Мехр" ақпарат агенттігінің жарияланбаған дереккөздерге сүйене отырып хабарлауына қарағанда Иран Атом Энергиясы Агенттігі мен Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі арасындағы жақында өткен техникалық келіссөздер нәтижесінде екі мәселе шешімін тапқаны білдірілді.
Иран Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігіне мәлімет бермегені себепті дағдарысқа айналған Абаде нысанына қатысты екі мәселенің және Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі Фордода анықтаған 83.7 пайыз байытылған уранға байланысты екі мәселенің шешілгені хабарланды. Осылайша Иран мен Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі арасында келіспеушілік тудырған бұл екі мәселенің аяқталғаны білдірілді.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 2019 жылы Иранның Абаде қаласы маңында жасырын бір ядролық базаның бар екенін анықтағандарын алға тартқан болатын. Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі бұл мәселе бойынша шағымды тексеру үшін Иранды ынтымақтастыққа шақырған.
Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігі Әкімшілік кеңесіне мүше елдермен үш айда бір бөлісетін Иранның ядролық іс-шаралары қолға алынған және ақпан айының соңында жарияланған рапортта Фордодағы нысанда 83.7 пайыз байытылған уран бөлшектерінің анықталғанын хабарлады.
Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің директоры Рафаэль Мариано Гросси 4 наурызда Иранға сапарынан кейін жасаған мәлімдемесінде анықталған уранның «сақталған зат» емес, «бөлшектер» екенін және әлі де Ираннан бұл тақырыпқа қатысты түсініктеме күтетіндерін айтты.
Халықаралық Атом Энергиясы Агенттігінің Иранның ядролық бағдарламасы туралы үш айлық рапортын 35 мүшеден тұратын Әкімшілік кеңестің келесі аптада өтетін отырысына дейін жариялауы күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.