Екі Корея жер серігі жайлы келіспей отыр

О.Корея С.Кореяны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдеріне қайшылық жасағаны себебімен айыптады.

1992940
Екі Корея жер серігі жайлы келіспей отыр

Оңтүстік Корея солтүстіктегі көршісін өзінің алғашқы әскери барлау жер серігін ұшыру жоспарымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі) санкцияларына қайшылық жасаумен айыптады.

"Йонхап" ақпарат агенттігіне сұхбат берген Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы зымыранды тасығыштар мен баллистикалық зымырандарда қолданылатын технология бірдей, сондықтан Солтүстік Кореяның кез келген бір жер серігін ұшыруы Пхеньянның ұзақ қашықтыққа атылатын зымыран сынақтарын жасауына тыйым салынған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне қайшылық жасау екенін білдірді.

Баспасөз хатшысы зымыран-тасығыштарда қолданылатын технологияны құрлықаралық баллистикалық зымырандарда да қолдануға болатынын атап өтті.

Солтүстік Кореяның жер серігін ұшыру жоспарына жауап ретінде баспасөз хатшысы Пхеньянды заңсыз әрекеттерден аулақ болуға және дипломатиялық арналарды ашық ұстауға шақырды.

Солтүстік Корея 29 мамыр күні Жапония үкіметіне бұл жер серігін 31 мамыр мен 11 маусым аралығында ұшыратынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар