Зеленский Иранға санкция салу туралы шешім қабылдады
Қаулы жобасы Украина парламенті Жоғарғы Радасының ресми парақшасынан жарияланды.
Украина президенті Владимир Зеленский Иранға 50 жыл мерзімге санкциялар енгізу туралы заң жобасын парламентке ұсынды.
Заң жобасында Зеленскийдің Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің 2023 жылғы 27 мамыр күнгі «Иранға қарсы салалық арнайы экономикалық және басқа да шектеу шараларын қолдану» шешімін Жоғарғы Радаға талқылауға ұсынғаны атап көрсетілді.
Жобада Украинаның Иранға 50 жыл бойы санкция жасауы болжалғанда, осы тұрғыда Иранмен сауда-саттық әртүрлі бастамаға толық тыйым салу, Иранның Украина территориясы арқылы транзиттік өтуі, әуе кеңістігін пайдалануы және тасымалдау жұмыстарын тоқтатуы қамтылады.
Осыған қоса, заң жобасында Иран азаматтарына технология мен зияткерлік меншік құқығын беруге және осы елге инвестиция салуға тыйым салу да енгізілген.
Екінші жағынан Украина президентінің кеңесшісі Михаил Подоляк әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Иранның Еуропа мен Таяу Шығысты алаңдататын лаңкестік бір режим, ядролық сынақтары бүкіл әлемге қауіп төндіруде» деді.
Тегеранның Ресейдің Украинаға қарсы бастаған соғысында Мәскеудің маңызды бір одақтасына айналғанына назар аударған Подоляк «Иран біздің қалаларға шабуыл жасау үшін Мәскеуге қару-жарақты әдейі жеткізді. Кеше түнде «Шахед» атты пилотсыз әуе көлігімен Киевке жасалған шабуыл осының дәлелі» деді.
Зеленскийдің осы себепті Иранға санкция салу туралы қарар жобасын ұсынғанын атап өткен Подоляк «Тегеранға өмірдің негізгі заңдарын, әсіресе де бумеранг заңын еске салғысы келді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.