Қытайдың отандық ұшағы рейсін бастады

"C919" типті ұшақ Шанхай Хунцяо әуежайынан көтеріліп, астана Бейжіңдегі халықаралық әуежайына қонды.

1992054
Қытайдың отандық ұшағы рейсін бастады

Қытайдың отандық «С919» жолаушылар ұшағы Шанхай мен Бейжің арасында алғашқы жолаушылар рейсін бастады.

Синьхуа агенттігінің хабарына қарағанда 128 жолаушысы бар "China Eastern Airlines" компаниясына тиесілі "C919" типті ұшағы 2 сағатқа созылған рейстен кейін Шанхай Хунцяо әуежайынан көтеріліп, Бейжің халықаралық әуежайына жетті.

«MU 9191» рейсі Қытайдың отандық "C919" орта қашықтықтағы жолаушылар ұшағының алғашқы сауда мақсатындағы рейсі болды.

Қытайдың Мемлекеттік Коммерциялық әуе көліктері компаниясы әзірлеген бір желілі шағын кеуделі ұшақ «Боинг 737» және «Эйрбас 320» жолаушылар ұшақтарының баламасы ретінде жасалған.

Модель 2022 жылдың 14 мамырында алғаш рет ұшты. Ол ұшуға жарамдылық лицензиясын 2022 жылдың 30 қыркүйегінде және өндіру лицензиясын 2022 жылдың 30 қарашасында алды.

"China Eastern" 2021 жылдың наурызында қол қойылған келісіммен ұшақты 99 миллион долларға сатып алу үшін Қытайдың Мемлекеттік Коммерциялық әуе көліктері компаниясы келіскен болатын. «C919» 2022 жылдың 9 желтоқсанында тұңғыш рет тапсырып берілді.

Әуе компаниясы ұшақтарды Шанхайдан Бейжің, Гуанжоу, Шыңжаң және Цинду қалаларына ішкі рейстерде пайдалануды жоспарлап отыр.

Әлемдегі азаматтық авиация секторында ең көп қолданылатын ұшақ түрі болып табылатын «орта қашықтық» жолаушылар ұшағын іске қосу арқылы Қытайдың АҚШ-тың "Boeing" және Еуропаның "Airbus" компанияларының егемендігіндегі әлемдік жолаушы ұшақтары нарығында үлесі болуы мүмкін деп бағалануда.

2008 жылы Қытайдың Мемлекеттік Коммерциялық әуе көліктері компаниясы әзірлей бастаған "C919" елдің шетелге тәуелділігін азайтуды мақсат еткенімен, реактивті қозғалтқыш пен басқару бағдарламалық құралы сияқты маңызды компоненттерді "General Electric" және "Honeywell" сияқты АҚШ компаниялары жасағандықтан толығымен отандық ерекшелікте емес.



Ұқсас жаңалықтар