Израильдің Дамаскке шабуыл жасағаны алға тартылды

Дамаск төңірегіндегі кейбір түйіндерге жергілікті уақытпен сағат 23:45-те Израиль күштерінің әуе шабуылын жасағаны білдірілді.

1992335
Израильдің Дамаскке шабуыл жасағаны алға тартылды

Израильдің Сирияның астанасы Дамасктегі кейбір әскери нүктелерге әуеден шабуыл жасағаны алға тартылды.

Сириядағы "SANA" ақпарат агенттігі әскери дереккөзге сүйенген хабарында Дамаск төңірегіндегі кейбір түйіндердің жергілікті уақытпен сағат 23:45-те Израиль күштерінің әуе шабуылымен нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде:

«Біздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріміз жаудың зымырандарына жауап беріп, кейбіреуін атып түсірді. Шабуыл салдарынан шығын болды» деп көрсетілді.

Шабуылға қатысты Израиль билігінен ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Дамаск пен оның ауылдық аймақтарында Ливан Хизболласының элементтері, сондай-ақ Сирия армиясы мен Иран қолдайтын лаңкестік топтар бар екені белгілі.

Азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бері Израиль Сириядағы Иран қолдайтын топтар мен Сирия армиясына тиесілі әскери түйіндерге шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар