Иранда су тасқыны

Иранның Солтүстік Хорасан уәлаятында болған су тасқынынан 4 адам қаза тапты.

1991865
Иранда су тасқыны

Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA-ның хабарлауынша Солтүстік Хорасан уәлаяты  губернаторлығына қарасты дағдарыстарды басқару жөніндегі бөлімшенің төрағасы Ғұламрыза Шефик уәлаятында толассыз жауған жаңбырдың артынан болған су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады.

Шефик шамамен 20 минутқа созылған нөсер жауыннан кейін пайда болған су тасқынының адам мен мал шығынына себеп болғанын атап, Фарук қаласының ауылдарында су тасқынынан кейін басталған іздеу-құтқару жұмыстары кезінде 2 адамның мәйітінің табылғанын, 18 көліктің болса тасқын суында жоғалғанын білдірді.

Ширван қаласының Голян ауылында да көліктегі 2 адамның су басу салдарынан қаза тапқанын мәлімдеген Шефик жауған жаңбырмен байланысты Қызыл Жарты Ай қоғамы мен барлық тиісті мемлекеттік мекемелердің жұмыс істегенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар