Путин, Әлиев және Пашинян үшжақты кездесу өткізді

Владимир Путин, Ильхам Әлиев және Никол Пашинян Ресейдің астанасы Мәскеуде кездесті.

1991034
Путин, Әлиев және Пашинян үшжақты кездесу өткізді

Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресейдің астанасы Мәскеуде кездесті. Кездесуде  Әзербайжан-Армения қақтығыстары талқыланды.

Путин Кремль сарайында алдымен Әлиев және Пашинянмен жеке-жеке кездесті.

Одан кейін кейін үш елдің басшысы бас қосты.

Кездесуге шақырғанына риза болғанын атап көрсеткен Путин «Бұл кездесу ұзақ уақытттан бері шешілмей келе жатқан мәселелерді талқылау үшін жақсы бір орай болды» деді.

Осы форматта өткен кездесуде көптеген мәселелердің шешілгеніне назар аударған Путин қақтығыстардың 2020 жылы аяқталғанын, экономикалық және көлік байланыстарын ашу және шекараларды анықтау жұмыстарының басталғанын еске салды.

Путин «Кейбір қиындықтар мен проблемаларға қарамастан, мәселелер шешімін тауып келеді. Соның бірі - көлік қатынасындағы жұмыстар. Әлі де шешілмеген мәселелер бар, бірақ олар тек техникалық деп ойлаймын» деген сөздер қолданды.

Ресей, Әзербайжан және Армения премьер-министрлерінің орынбасарларының бір аптадан кейін осы мәселелерді талқылау және  шешу үшін кездесуін ұсынған Путин алдағы аптада өтетін бұл кездесуге Әлиев пен Пашинянның рұқсатын алды.

Үшжақты кездесу 20 минутқа созылды.

 



Ұқсас жаңалықтар