Ми чипі сынақ үшін рұқсат алды
«Neuralink» компаниясы ми чипі жобасын адамдарда сынақтан өткізуге рұқсат алғанын хабарлады.

Америкалық кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі «Neuralink» компаниясы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) ми чипі жобасын адамдарда сынақтан өткізуге рұқсат алғанын хабарлады.
«BBC» хабарына қарағанда, «Neuralink» әлеуметтік медиа аккаунтында жасалған мәлімдемеде ми чипі жобасын FDA-ның мақұлдауын «бір күні көптеген адамға көмектесетін маңызды қадам» деп сипаттады.
Мәлімдемеде «Neuralink» командасының FDA-мен тығыз ынтымақтастығы арқасында рұқсат алғаны және эксперименттік кезеңге өтінім беру үшін қажетті ақпарат берілетіні айтылды.
Қарастырылып отырған жобамен «Neuralink» компаниясы миға орналастырылатын микрочиптердің арқасында сал және соқырлық сияқты неврологиялық ауруларды емдеуді және мүгедектердің өмір сапасын жақсартуды мақсат етеді.
Бұрын маймылдарда сынақтан өткен чиптер мидағы сигналдарды табысты түрде анықтап, құрылғыларға тасымалдағаны атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар

Гватемаладағы су тасқынынан 6 адам көз жұмды
Орталық Америка мемлекеті Гватемалада толассыз жаңбыр су тасқынына себеп болды.