Суэц каналында «Синь Хай Тонг 23» атты кеме құрлыққа шықты

«Leth» тасымалдау агенттігі кемені қайтадан жүздіруге тырысқандарын хабарлады.

1990653
Суэц каналында «Синь Хай Тонг 23» атты кеме құрлыққа шықты

Суэц каналында бір кеменің құрлыққа шыққаны, көптеген кеменің өтуіне кедергі жасағаны хабарланды.

«Leth» тасымалдау агенттігі кеме буксирлерінің «Синь Хай Тонг 23» атты кемені қайтадан жүздіруге тырысқанын атап көрсетті.

Мысырдағы Суэц каналы басқармасы кеменің таңертең қайтадан қозғалғанын білдірді.

Осыдан екі жыл бұрын әлемдегі ең қарқынды су жолдарының бірі Суэц каналында алып контейнерлік бір кеме тоқтап қалған және бір аптаға жуық уақыт бойы теңіз қатынасын тоқтатты.

Әлемдегі ең үлкен контейнерлік кемелердің бірі «Ever Given» каналды алты күнге жауып тастаған болатын.

Тайваньдық «Evergreen Marine» компаниясының кемесі де жүздеген кеменің каналда жиналуына себеп болған еді.



Ұқсас жаңалықтар