Брюссельде жас азаматқа кескіш құралмен шабуыл жасалды

Брюссельде PKK жақтастары Түркияда 28 мамыр күні өтетін президенттік сайлаудың екінші турына дауыс берген жас азаматқа кескіш құралмен шабуыл жасады.

1990506
Брюссельде жас азаматқа кескіш құралмен шабуыл жасалды
bruksel secmene saldiri.jpg
belcika'da secmene saldiri.jpg

Бельгияның астанасы Брюссельде бөлшектеуші террор ұйымы PKK жақтастары Түркияда 28 мамыр күні өтетін президенттік сайлаудың екінші турына дауыс берген жас азаматқа кескіш құралмен шабуыл жасады.

Шабуылға ұшыраған жас жігіт бетінен жараланған.

Шабуыл жасағандар мен жараланған жас жігітке қолдау көрсеткісі келгендер арасында шиеленіс болды.

Оқиға орнына көп полиция қызметкерлері жіберілді.

Куәгерлер шабуыл жасаған топтың террор ұйымы PKK-ны жақтап ұран салғанын  хабарлады. Оқиға кезінде кейбір көліктер де зақымдалды.

Зардап шеккен жас жігіт жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар